×

Путиннің не үшін түнделетіп Кремльге барғаны белгілі болды

Ол Кремльде Литваға басып кіру, соғыс ашу мәселесін талқылаған

 Дастан Жұмабекұлы 15.07.2022 | 16:16
Көрнекі фото

Ресей президенті Владимир Путиннің түн ішінде не үшін жұмыс орнына барғаны белгілі болды.

Оның түнделетіп кортеж керуенін түзіп, неге Кремльге барғаны әлеуметтік желіде жазылды.

Мұның алдында РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің түнде Кремльге келгенін жоққа шығарған еді.

Осының алдында Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен Санкт-Петербургте кездескен.

Сол оңаша кездесуде Лукашенко Литваның Ресейден Калининградқа баратын теміржол жүк тасымалы жолын кесіп тастағаны Вильнюстің Мәскеуге «соғыс жариялауына ұқсайтынын» айтып, визавиін осыған иландырғысы келген деген дерек бар.

Путин осыған шынымен сеніп қалған сияқты. Ол Кремльде Литваға басып кіру, соғыс ашу мәселесін талқылаған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама