×

Легионер жаттықтырушы қазақ футболының кемшілігін айтты

Ең басты проблема - жақсы стадиондардың болмауы

 Дастан Жұмабекұлы 11.07.2022 | 17:04
фото: kff.kz

Футболдан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы, ресейлік азамат Магомед Адиев қазақ футболдың басты проблемасын айтты. 

Қазақстан футболының ең басты проблемасы - жақсы стадиондардың болмауы екенін, соған мемлекет назар аудару керектігін атап өтті.

Қазір Федерация басшылығы футболды дамыту үшін көп жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда футболды жақсы көретін адам көп. Балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық футболдың дамуы болашақ ұрпақ үшін жеміс береді. Халық футбол ойнағанды, оны тамашалағанды жақсы көреді. Дегенмен Қазақстанда инфрақұрылым нашар. Жақсы, қазіргі заман талабына сай салынған стадиондар аз, –  деді ол.

Ресейлік жаттықтырушы Магомед Адиев жақында ғана Қазақстан ұлттық құрама командасының тізгінін ұстаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама