×

Әлем лидерлерінің арасында беделі ең төмен басшы анықталды

Путин сүйкімсіз президент болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 11.07.2022 | 10:14
фото: delfi.lt

АҚШ-тың Pew Research Center ұйымы жүргізген сауалнама Владимир Путиннің әлемдегі лидерлер арасындағы ең беделі төмен мемлекет басшысы екенін көрсетті.

Бұл туралы «Deutsche Welle» газеті хабарлады.

Сауалнамаға 18 елдің респонденттері қатысқан. Сұраққа жауап бергендердің көбісі АҚШ президенті Джо Байденнің жүргізіп отырған саясатын бас бармақпен бағалап, бәрінен жоғары санаған. Ал жер-жүзіндегі ірі державалар басшылары арасындағы ең сүйкімсізі Ресей президенті Владимир Путин болып шыққан.

Ресей президенті Владимир Путин әлемдегі 2022 жылғы беделі жұрдай саясаткер болып аталды. Америкалық «Pew Research Center» ұйымының 22 маусым күні жарияланған социологиялық зерттеулері нәтижелері сұрау салынған 18 елдің 9-ының ғана оны танымал деп есептейтінін көрсетті. Ал сауалнамаға қатысқандардың 90 пайызы оның жүргізіп отырған саясатын айыптаған. Бұл – соңғы 20 жылдың көлеміндегі бірінші ең төменгі көрсеткіш, – деп атап өтті DW.com.

Еуропа халқының Путинге деген қарым-қатынасы оның саяси көзқарастарымен тікелей байланысты дейді зерттеушілер. Соңғы 20 жылда Ресейді айыптайтындардың қатары айтарлықтай көбейе бастаған. 18 елдегі респонденттердің 85 пайызы бұл елге негативті көзқараста екендерін жеткізген. Мұндай тенденция Италия, Грекия және Польша елдерінде бәрінен көп. Германияда сұрау салынғандардың 16 пайызы Ресейге әлі де жақсы қарайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама