×

Нұр-Сұлтан қаласының атауы өзгере ме? Вице-премьер жауап берді

2019 жылы Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгерген болатын

 Дәурен Ерболат 05.07.2022 | 12:29
Ералы Тоғжанов, фото: Halyq Uni

Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мен бұл жағдайға (қала атауын өзгертуге – автор) ешқандай негіз көріп тұрған жоқпын. Сіздерге қайталап айтайын, оған ешқандай негіз жоқ, - деді Ералы Тоғжанов Үкімет отырысынан шыққан соң.

Еске салайық, 2019 жылы наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Одан бөлек, вице-премьер елорда күні бұрынғыдай тойлана беретінін айтты.

«Мұндай мәселе көтерілген жоқ. Жыл сайын Нұр-Сұлтан күнін қалай тойлап жүрсек, солай мерекелей береміз. Сіздер көптеген іс-шара жоспарланып отырғанын білесіздер. Шілдеден бастап олар жоспарлы түрде жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Домбыра күні, Қазақстан барысы елорда күніне орай орайластырылды. 1-8 шілде аралығында барлық іс-шара елорда күні аясында өтеді», - деді Ералы Тоғжанов.

Биыл Нұр-Сұлтанда елорда күніне орай отшашу болмайды. Бірақ қаланың 24 жылдығына орай концерттерден бастап спорт фестивальдеріне дейін ондаған іс-шара өткізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама