×

Калининградтың атын Путиннің құрметіне өзгерту ұсынылды

«Егер Миронов бір нәрсені өзгерткісі келсе, өзінің саяжайының атын өзгертсін!», - деді ол.

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2022 | 10:14
Көрнекі фото

Ресейде Мемлекеттік думадағы «Справедливая Россия – За правду» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов Калининград қаласын Владибалтийск деп атауды ұсынды.

Бұл туралы депутат Telegram-арнасында хабарлады.

Мен Калининградтың атын өзгертіп, облыстың мәртебесін көтеруді ұсынамын. 76 жыл бұрын, 1946 жылы 4 шілде күні Кенигсберг облысы Калининград болып өзгерген еді. Сол жылы Шығыс Пруссияның астанасын Балтийск қаласына өзгерту ұсынылған болатын. Славгород немесе Королевец деп өзгерту туралы варианттар да болған. Бірақ Михаил Калинин қайтыс болып, қаланың аты соның құрметіне аталатын болды. Ал Пиллау деген қалашық Балтийск атанды, - деді ол.

С.Миронов осылай дей келіп, Ресейдің стратегиялық өңірінің бірі саналатын Калининград қаласының мәртебесін көтеру үшін оны Владибалтийск деп өзгертуді ұсынатынын айтты.

Мысалы, қаланы Владибалтийск деп атасақ қандай керемет! Владибалтийск Балтық жағалауы өңірінің астанасы десек тамаша емес пе?! Меніңше, қаланың атын ауыстырсақ Балтық теңізі мен Тынық мұхитының арасын алып жатқан кең байтақ жеріміз үшін жақсы болар еді. Әрине, оны қала тұрғындары шешуі керек. Менікі ұсыныс, - деді «Справедливая Россия» партиясының төрағасы.

Мемлекеттік дума депутатының бұл ұсынысына коммунистер қарсы болып жатыр. «Ресей коммунистері» партиясының жетекшісі Сергей Малинковичтің айтуынша, Калининград қаласының атын ешкімнің атына ешқашан өзгертуге болмайды.

Бізге ешқандай Владибалтийск керек емес. Бізге кеңестік Калининград қана керек. Егер Миронов бір нәрсені өзгерткісі келсе, өзінің саяжайының атын өзгертсін!, - деді ол.

Калининград қаласы 1255 жылға дейін Твангсте деген ежелгі Пруссияның елді-мекені болған. Одан кейін оның орнына Польшаның Крулевец қаласы салынған. Поляктар қалаға 1454 – 1657 жылдары иелік еткен. 1657 жылдан 1945 жылға дейін ол жерде Германияның Кенигсберг қаласы болды. 1945 жылдан қазірге дейін шаһар Калининград болып аталып келеді. Оның аты 1946 жылы КСРО Жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы болған, бүкілодақтық староста Михаил Калининнің құрметіне қойылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама