×

ҚР СІМ Иран-Израиль қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады

Иран Израильге қарай ондаған зымыран мен 200-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған еді

 Еркеғали Болатұлы 14.04.2024 | 16:55
фото: invoen.ru

ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты алаңдаушылық білдірді. Тараптарды барлық келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Иран Израильге қарай ондаған зымыран мен 200-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған еді. Бұл қақтығысқа 1 сәуірде Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған әуе шабуылы себеп болған. Жарылыс салдарынан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірнеше қолбасшысы, оның ішінде 2 генерал қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама