×

Түркі мемлекеттері ұйымының негізін Қазақстан мен Әзербайжан қалаған - Тоқаев

Біздің елдер түркі бағытындағы 6 халықаралық ұйымның барлығына қатысады

 Еркеғали Болатұлы 10.03.2024 | 16:50
фото: ortcom.kz

Қазақстан мен Әзербайжан – Түркі мемлекеттері ұйымының негізін қалаушылар. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық Vesti.az басылымына берген сұхбатында айтты.

Қазақстан ұйымды құру туралы бастама көтерді, ал келісімге ежелгі Әзербайжан жерінде қол қойылды. Содан бері 15 жылға жуық уақыт өтті және ұйым ұзақ жолмен жүріп өтті, - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымының рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Тарихи қысқа мерзімде мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы өзінің өміршеңдігін көрсетіп, жаңа геосаяси шындық ретінде түркі әлемінің сұлбасын айқындаған.

Гені мықты осы өскіннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол ұйымның әлеуеті орасан зор екенін атап өтті.

Біздің елдер түркі бағытындағы 6 халықаралық ұйымның барлығына қатысады және бұл – Астана мен Баку Түркі мемлекеттері ұйымы интеграциясының даму векторын бірдей көретіндігінің айқын дәлелі, - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама