×

Педофилдерге хирургиялық кастрация жасау: ІІМ депутаттардың ұсынысын азаптау деп санайды

Қазақстан – азаптауға қарсы конвенцияның мүшесі

 Дәурен Ерболат 21.02.2024 | 11:19
фото: kardia.org

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха педофилдерге хирургиялық кастрация жасаудың азаптауға жататанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Депутат Елнұр Бейсенбаев педофилдерге хирургиялық кастрация жасауды ұсынды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл норманы заңға енгізу қиындау екенін жеткізді.

Мен бұған дейін бұл мәселеге қатысты пікірімді айтқанмын. Бүгінде педофилдер өмірбақи бас бостандығынан айырылады. Біріншіден, ол осындай жазаға тартылса, хирургиялық кастрация жасаудың не керегі бар? Екіншіден, Қазақстан – азаптауға қарсы конвенцияның мүшесі. Сондықтан мұндай сұрақ Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға қойылуға тиіс. Менің субъективті жеке пікірім, бұл «азаптау» категориясына жатады. Үшіншіден, медициналық сұрақ туындап, оған Денсаулық сақтау министрлігі жауап береді.

Онда бұл шараны кім қалай орындайды? Жалпы Үкімет атынан сөйлей алмаймын. Егер сіз заңға түзету енгізуге ұсыныс жіберсеңіз, оны қарастыруға дайынбыз», - деді Игорь Лепеха.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама