×

Башқұрт белсендісі Фаил Алсынов жақтастарына үндеу жолдады

Ол заңды сақтап, құқық қорғау органдарының талабын ескеріп, күш қолданбауға үндеді

 Дастан Жұмабекұлы 22.01.2024 | 09:56
Фото: «Куштау Байрам» Telegram-арнасы

Башқұрт белсендісі Фаил Алсынов уақытша тергеу изоляторынан жақтастарына хат жазып, үндеу жолдады.

Ол заңды сақтап, құқық қоргау органдарының талабын ескеріп, күш қолданбауға үндеді.

Еске сала кетсек, 17 қаңтарда Баймақ қаласының аудандық соты «қара халық» деген сөзі үшін экобелсенді, Ресейде тыйым салынған «Башқұрт» ұйымының бұрынғы басшысы Фаил Алсыновты 4 жылға соттаған болатын. Осыдан кейін сот алдына жүздеген адам жиналып, Алсыновты қолдау акциясы кезінде полициямен қақтығысып қалды. Жаппай тәртіпсіздік бойынша 20-дан астам адам ұсталып, 9 адамға қылмыстық іс қозғалды. Ал Алсынов болса, соттың шешімімен Челябі облысындағы Магнитогорск қаласына жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды.

Келесі күні экобелсендінің жақтастары Алсыновты Уфаға әкелмей, Магниторскінің тергеу изоляторына қамағанына да наразылық білдіріп, Республика астанасының орталығына жиналды. Олар осы жердегі башқұрт халқының батыры Салауат Юлаевтың ескерткіші жанында бас қосып, биліктен белсендіні босатуды талап етті. Осыдан кейін Алсынов жоғарыда атап өткеніміздей, жақтастарына қамаудан хат жазып, үндеу жолдады.

Алсыновтың хатының көшірмесін оның адвокаты Елнұр Сүйіндіков жариялады. Ол башқұрт тілінде жазылған. «Важные истории» басылымы хаттың аудармасын жариялады. Онда Алсынов жақтастарын заң аясында әрекет етуге үндеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама