×

Ресейде Германияға ядролық соғыс жариялау ұсынылды – БАҚ

Калининградқа шабуыл жасау – Ресейді қызыл кнопканы басуға мәжбүрлеу, - деді Сергей Миронов

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2024 | 14:59
Фото: https://t.me/mironovonline

Ресейдегі «Справедливая Россия» партиясының лидері Сергей Миронов Германияға ядролық соғыс жариялауды ұсынды.

BILD басылымы Сергей Мироновтың ГФР-ге ядролық соғыс жариялау туралы ұсыныс-хатын шығарған. Хатта Миронов Ресей мен Балтық елдерінің арасында болуы ықтимал қақтығыс туралы пікір білдірген.

Ол Ресейдің Калининград облысын өз жері санайтынын, оған Германия немесе НАТО-ның басқа да елдерінен шабуыл жасалса, РФ-ның қарулы күштері қарап қалмайтынын, бірден ядролық соғысты жариялайтынын жазған.

Егер Германия немесе Солтүстік Альянстың басқа бір мемлекетінен кез келген шетін әрекет болса, біз, әрине, жауап береміз. Оның соңы үлкен қақтығысқа ұласады. Калининградқа шабуыл жасау – Ресейді қызыл кнопканы басуға мәжбүрлеу. Ресей – ядролық держава. Сондықтан Ресейдің қолында бар қарудың барлық түрін қолдануға хақы бар, – деді Миронов.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мироновтың хатында жазылған ядролық соғыстың шындыққа жанаспайтынын, РФ көрші елдерге ядролық қаруды бірінші болып ешқашан қолданбайтынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама