×

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен бірігу идеясынан бас тартты

КХДР басшысы көрші елді «жау мемлекет» атау үшін Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізуге шақырды

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2024 | 16:14
Фото: ТАСС/EPA/KCNA

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен татуласу және бірігу мәселесімен айналысатын агенттіктердің жұмысына тыйым салып, оларды мүлде жауып тастады.

AlJazeera телеарнасының хабарлауынша, КХДР басшысы соғысты қаламайды. Бірақ елге қауіп төнетін болса, қарап қалмайды.

Солтүстік Кореяның Жоғарғы халық жиналысында сөйлеген сөзінде Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен қайта қосылу мүмкін емес екенін алға тартып, ол елді «жау мемлекет» атау үшін билікті Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізуге шақырды.

Содан кейін ол Оңтүстік Кореямен татуласуға қатысқан 3 ұйымның, атап айтқанда, Елді бейбіт жолмен біріктіру комитетінің, Ұлттық экономикалық ынтымақтастық бюросы мен Халықаралық туризм бюросының қызметіне тыйым салатынын айтып, олардың мүлде жабылатынын ескертті.

Жақында КХДР зымыран сынақтарын өткізгенде Корей түбегіндегі елдердің арасы одан әрі нашарлап кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама