×

Шойгу Украинадағы соғысқа 4 мың студенттің жіберілгенін айтты

Ресей Қорғаныс министрі жастардың соғысқа қуана келіскенінен хабардар етті

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2023 | 14:41
Фото: argumenti.kg

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу биыл Украинадағы соғысқа 4 мыңнан астам студенттің жіберілгенін айтты.

Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Сергей Шойгу студенттердің өз еріктерімен академиялық демалыс алып, жауынгерлік міндеттерін орындауға қуана келіскенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір Украинадағы соғысқа 650 мыңнан астам әскери қызметкер қатысып жатыр. Оның ішінде әскерге ішінара жұмылдырылғандар да бар.

Бүгінде Ресей әскері ұрыс қимылдары жағдайында сыннан өткен. Ресей – қару-жарақ бойынша да дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Ал халықтың отансүйгіштігіне келсек, Ресейге жететін ел жоқ. Оның бір дәлелі ретінде студент жастардың өз еркітерімен майдан даласына аттанғанын айтуға болады, – деді ол.

Ресей әскери комиссариаттары биыл жыл басынан бастап жоғары оқу орындарының студенттерін соғысқа қатысуға шақыруды қолға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама