×

Депутат өнеркәсіп нысандарын суды қайта пайдалануға міндеттеуді ұсынды

Су ресурстары және ирригация министрі бұл мәселе 2030 жылға дейін реттелетінін айтты

 Дәурен Ерболат 20.12.2023 | 11:57
Елнұр Бейсенбаев, фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ернұр Бейсенбаев суды қайта пайдалану мәселесін көтерді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутат жиында өзекті мәселені көтеріп, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке сұрақ қойды.

«Менің ойымша, өнеркәсіптегі суды қайта падалануға міндеттеу керек сияқты. Бұл өте маңызды сұрақтардың бірі. Қар, жауын-шашын суын пайдалану мәселелерін көтермейтін болсақ, президент айтқандай, 2040 жылға қарай елімізде 15 млрд текше метр су жетіспейтін болады. Бұл – Арал теңізіне пара-пар сан. Бұл мәселені қалай пысықтаймыз? Ол бойынша түсінік бар ма? Израиль, Сингапурда суды қайта пайдаланады. Ал бізде қайта пайдалану мүлдем жоқ. Жалпы далаға ағып жатқан суда есеп жоқ», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Министр бұл проблема бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бүгінде өнеркәсіп саласы жылына 5,9 текше шақырым суды пайдаланады. Өнеркәсіп мекемелері алған судың 75%-ын су нысандарына қайтарып жатыр. Ал коммуналдық-шаруашылық мақсатында 1,3 текше шақырым су пайдаланылады. Бүгінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 68 қалада кәріз су жүйелеріне тиісті ғимараттарды салу үшін жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Нұрлан Нұржігітов.

Нұржан Нұржігітов суды қайта пайдалану алдағы уақытта міндетелетінін жеткізді.

1 текше шақырым суды қайта айналымға қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Су кодексіне жаңа норма енгізіліп жатыр.

2030 жылға дейін өнеркәсіп мекемелерін, жеке кәсіпкерлерді техникалық жағдайына қарай суды қайта пайдалану мәселесін шешуді міндеттемекпіз, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама