×

«Қазақстан темір жолы» АҚ пойыздардың неге кешігіп келетінін түсіндірді

Ұлттық компания мәселені қалай шешу керектігін біледі

 Дәурен Ерболат 21.11.2023 | 10:45
фото: akorda.kz

«Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пойыздардың неге кешігіп келетінін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол компанияның жұмысына сын барын ашық айтты.

Жолаушылар тасымалы бойынша негізгі сын – қызмет көрсету, пойыздардың кешігуі, вагондардың жай-күйі. Біз қызметтерді жақсарту үшін тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ Deutsche Bank-пен жұмысты бастадық, - деді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ басқарма төрағасы пойыздардың жиі кешігу себебін түсіндірді.

«Пойыздардың кешігуі теміржол жағдайымен байланысты. Біз қажет жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мәселен 2023 жылы жөндеудің барлық түрінің көлемі 50%-ға ұлғайды. Паркті жаңарту мәселесін Көлік министрі Марат Қарабаев толық баяндады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қойылған міндеттерді шешу бойынша нақты көзқарасы бар. Оны орындау үшін бар күшін салады, - деді басшы.

Бұған дейін Көлік министрі Қазақстанда 300 жолаушы вагоны жетіспейтінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама