×

Солтүстіктегі ауылдардың білім деңгейі оңтүстіктегі қала мектептерінен жоғары - вице-министр

Өңіраралық теңсіздік әртүрлі мәселелерге байланысты туындап жатады

 Еркеғали Болатұлы 18.05.2022 | 18:11
фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Ақтөбе облысына жұмыс сапарында NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, оқушылармен жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы айтып берді.

Осы орайда, ол ауыл мектептерінің жағдайын көтеруге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталған.

«Ауыл мектебінде білім сапасы төмен деуге болмайды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы ауыл мектептерінің білім көрсеткіші оңтүстік өңірдегі қала мектептерінен жоғары. Өңіраралық теңсіздік әртүрлі мәселелерге байланысты туындап жатады. Халықтың тығыз шоғырлануы, олардың әлеуметтік жағдайларына байланысты туындайтын мәселелер бар», - дейді вице-министр.

Сондай-ақ вице-министр «Соңғы кезде көптеп ашылып жатқан жеке мектептер қоғамда бай мен кедей баласы деген түсінікті, теңсіздікті қалыптастыра ма?» деген сұраққа да жауап берген.

«Қоғамда осы мәселені бөлмеу үшін Үкімет үлкен жұмыс жасап жатыр. Жекеменшік мектептерді ашу үшін бірінші мемлекеттік тапсырыс алынады. Жеке ұйымның басшысы мектеп салуға ниет білдірген болса, барлық құжаттарын өткізіп, құрылысының басынан бастап, соңына дейін жұмсаған қаражатын қайтып алатын механизм бар. Үкімет оған толық қолдау көрсетеді. Салған ақшасын алдағы 8 жылда мемлекет өтеп береді. Мектепәлеуметтік сала, сол себепті мемлекет толық қолдауға алады. Әлеуметтік теңсіздікке жол жоқ», - дейді Шолпан Каринова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама