×

Жаңаөзендегі МӨЗ жобасының тендерін 2 тиын арзан бағамен ресейлік консорциум жеңіп алды

Жергілікті компаниялар операторлар қатарынан тағы да алынып тасталып жатыр

 Ербол Тұрымбет 22.10.2023 | 14:57
фото: azattyq.org

Қазақстандық компаниялар ұлттық мұнай-газ жобаларынан шет қалып жатыр. Тәуелсіздігімізге 30 жылдан асса да, елдегі отандық компаниялар мұнай-газ саласындағы көптеген мега жобаға қарамастан, ұлттық компаниялар оларға толыққанды шарттармен қатысуға мүмкіндік ала алмай отыр. Kazservis Telegram-арнасы оған тағы бір дәлел келтірді.

Арна мәліметінше, тәжірибе жинап, технология меңгеру үшін жобаны жергілікті компанияларға берудің орнына, шетелдіктердің қасында төмен дәрежелі мердігер болып келеді.

Бүгінде мұнай-газ саласындағы жаңа ірі жобалар жарияланғанына қарамастан, жергілікті компаниялар операторлар қатарынан тағы да алынып тасталып жатыр. Жергілікті ойыншылардың тәжірибесінің жоқтығына сілтеп, шетелдік компанияларды тарту жалғасып келеді. Сонымен қатар, жақында Жаңаөзен мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) құрылысына жасалған тендер тағы бір үлкен мәселенің бетін ашты: келісімшарт онша танылмаған жергілікті «серіктеспен» бірге Ресей консорциумына берілді, – делінген хабарламада.

Арнаның жазуынша, бұл жағдай жергілікті құрылыс компаниялары мен жобалау институттары арасында наразылық тудырған. Өйткені тендерге EPC жобасын әзірлеуге мүмкіндік берген жергілікті екі ірі консорциум қатысқан еді. Алайда 2 тиын (!) арзан баға ұсынған ресейлік консорциум жеңіп шыққан. Ендеше сұрақ туындайды: бұл диверсия ма, әлде жергілікті компаниялардың дәрменсіздігі ме?

«Шешім жұртшылыққа қалдырылды, бірақ бір нәрсе анық – Қазақстанның мүддесі кейін қалып отыр», – деді арна авторы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама