×

Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)

Бокс кештерінің үзіліс таппай, әр екі-үш ай сайын өтуіне қолдау көрсетуіңізді сұраймыз, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 16.10.2023 | 14:45
Фото: Instagram.com/islamkanatqazaq/

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады.

Спортшы Instagram-да жариялаған видеосында елімізде соңғы 3 жылдан бері бірде-бір рет кәсіпқой бокстан жекпе-жектердің болмағанын, сол себепті мемлекет басшысынан бокс кешін ұйымдастыруға көмек сұрайтынын айтты.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің есімім – Қанат Ислам, кәсіпқой боксшымын. Біз, «Қазақ промоушн» промоутерлік компаниясы 2016 жылдан бері елімізде кәсіпқой бокс кештерін ұйымдастырып келеміз. Сол кезден бері шаршы алаңға Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы сынды қазақтың мықты жігіттері шығып жүр. 2019 жылдан бері түрлі себеппен елімізде кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыра алмай отырмыз. Өзіңізден үш-төрт ай бұрын кәсіпқой бокс кештерін өткізуге көмек сұрап, өтініш айтып, хат жаздық.  Бірақ хатымызға жауап ала алмай отырмыз. Біз 16 желтоқсанда Астанада өзім бастаған қазақтың тағы он жігіті кәсіпқой бокс кешіне дайындалып жатырмыз. Бокс кештерінің үзіліс таппай, әр екі-үш ай сайын өтуіне қолдау көрсетуіңізді сұраймыз, – деді Қанат Ислам.

Сондай-ақ кәсіпқой боксшы Тәуелсіздік күні болатын бокс кешіне президентті қонақ ретінде шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама