×

Медициналық сақтандыру қорының басшысы Зайытовтың сынына жауап берді

Медициналық сақтандыру қоры мүлде пайдасыз деп айтуға болмайды, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 09.10.2023 | 14:56
фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын таратуды ұсынған еді. Бүгін қордың жаңа басшысы Әбілқайыр Сқақов сол сынға қатысты жауап берді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмыс істей бастағалы оң нәтижелер бар. Алғашқы медициналық көмек 3 есе, паллиативтік көмек 6 есе, КТ және МРТ арқылы 1 миллионнан астам қазақстандық көмек алды. Сонымен қатар ЭКО арқылы 5 мың бала дүниеге келді. Сондықтан медициналық сақтандыру қоры мүлде пайдасыз деп айтуға болмайды, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Өйткені бұған дейін Ринат Зайытов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың дұрыс жұмыс істемейтінін алға тартып, оның қызметін уақытша тоқтату керектігін ескерткен болатын.

«Адам өліп жатыр ауылда. Жедел-жәрдем келмейді. Сақтандыруың жоқ деп ауылдарда дәрігерлер емдемейді. Осыны жүйелегенше, дайындап қалпына келтіріп алғанша тоқтата тұруды сұраймын. Өйткені мұның халыққа қатты зардабы тиіп жатыр», - деген еді сонда депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама