×

«ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны жарты миллиард теңгеге «Назарбаев яхтасын» сатып алған

Мұнай мен ірі жүктерді тасымалдайтын ұлттық компанияның неліктен қыдыруға арналған яхтаны сатып алғаны түсініксіз

 Еркеғали Болатұлы 05.10.2023 | 17:15
фото: дереккөз

«Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясы «Назарбаев яхтасын» өзінің акционері «ҚазМұнайГаз» компаниясының атынан 488 миллион теңгеге сатып алған. Бұл туралы Protenge Telegram-арнасы хабарлады.

Санкт-Петербургте орналасқан яхтаның 2007 жылы «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме қатынасы компаниясы («ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны) 488 миллион теңгеге сатып алған «Нұртау» яхтасы екені белгілі болды.

Бір қызығы, мұнай мен ірі жүктерді тасымалдайтын ұлттық компания неліктен кәдімгі қыдыруға арналған яхтаны сатып алған? Бұл яхтаның мұнай тасымалдауға жарамсыз екені анық, – делінген жазбада.

Алайда «Қазтеңізкөлікфлоты» мекемесі бұл сұрауға жауап беруден бас тартқан.

Сондай-ақ Бас прокуратура мемлекеттік компанияның серуендеу яхтасын сатып алуға құқығы бар-жоғын және бұл яхтаның не үшін қажет екенін тексеру туралы сұраққа жауап берудің орнына өтінішті «Самұрық-Қазынаға» («ҚазМұнайГаздың» негізгі акционері) бағыттаған. Демек бұл сатып алудың орындылығын ешкім тексермегенін білдіреді, – делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама