×

Түбегейлі энергетикалық революция алдында тұрмыз – Саясат Нұрбек

Министр Nobel Fest 2023 фестивалінің ашылуында сөз сөйледі

 Айгерім Таубай 05.10.2023 | 10:40
фото: Halyq Uni

Әлем энергетикалық революцияның алдында тұр. Бұл туралы Астанада Nobel Fest 2023 фестивалінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Саясат Нұрбек шара барысында педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Неге Nobel Fest Қазақстан және министрлік үшін маңызды? Қазір дүние жүзінде ғылымға, білімге деген көзқарас өзгерді. Үлкен ғылыми технологиялық революцияның алдында тұрмыз. Былтыр қарашада білім, технология, инновация саласында қызық жаңалықтар шықты. Кіп-кішкентай компания ChatGPT жасанды интеллект алгоритмін шығарды. Бірден үлкен бәсеке басталды. Осы жылда 10 жылдай жиналған жетістіктің арқасында революция басталды. Алпауыт компаниялар бір сәтте «біздің жасап жатқан үрдісімізді қалай төңкеріп тастады?» деген сұрақ қойды, - деді Саясат Нұрбек.

Екінші жаңалық – АҚШ-тың энергетика министрі Ливермор ұлттық зертхананың негізінде термоядролық реакцияның жүзеге асырғанын хабарлады. Қытайдың үкіметі бірден 2028 жылы термоядролық реакцияны іске қосамыз деп хабарлады.

Өте қызық, түбегейлі энергетикалық революцияның алдында тұрмыз, - деді министр.

Nobel Fest — Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен пікір алмасуға және білім алмасуға арналған бірегей платформа.

Нобель фестивалінің басты миссиясы – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышына қолжетімді ету.

Білім, ғылым және инновацияларды дамыту бойынша Нобель фестивалінің миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар, оның ішінде фестивальдің бас серіктесі, Қазақстанның ең ірі қоғамдық қорларының бірі «Altyn Qyran Foundation» қолдап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама