×

Германиядағы тәжіктер Эмомали Рахмонның кортежіне тас пен жұмыртқа жаудырды

Тәжікстан билігі бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2023 | 13:35
фото: видеодан скриншот

Видеода бір топ эмигрант алдымен Эмомали Рахмонның күзетшісімен кафеде сөйлесіп, соңында ол белсенділердің бірінің камерасын теуіп жіберген. Бұған жауап ретінде эмигранттар оны соққыға жықты, деп хабарлады Turkmen.news.

Содан кейін Рахмонның Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуге бара жатқан кортежіне таспен және жұмыртқамен шабуыл жасалды. Сол сәтте тәжіктер көшеде «Диктатор!» деп айқайлап жатты. Неміс полициясы шабуылдың алдын алуға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Кадрдан Тәжікстан президенті отырған көліктің терезесі жарылғанын көруге болады.

Тәжікстан билігі бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ. Болжам бойынша, шабуылды оппозициялық «Тәжікстан ұлттық альянсы» мен Тәжікстанда тыйым салынған «Группа 24» қозғалысы жоспарлаған. Рахмонның Германияға сапары қарсаңында олардың жақтастары Берлинде наразылық шерулерін өткізетіндерін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама