×

«Орталық Азия – АҚШ» саммиті ешкімге қарсы бағыттылмаған – Ақ үй кеңесшісі

Бұл жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 18.09.2023 | 12:15
Фото: Azattyk.org

АҚШ президентінің кеңесшісі Джейк Салливан БАҚ өкілдеріне өткізген дәстүрлі брифингте Құрама Штаттардың президенті Джо Байденнің БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының ашылар күні «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысатынын айтты.

Бұл саммитке мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Саммит ел басшыларының бірқатар мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді. Оның ішінде аймақтағы қауіпсіздік пен сауда және байланыс, климат өзгерісі мен заң үстемдігін жақсартуға бағытталған реформалар бар, – деді Салливан.

Сонымен бірге ол саммиттің қандай да бір елге қарсы бағытталмағанын айтқан. Оның айтуынша, кездесу қорытындысы бойынша негізгі мәселелер жөнінде әрі қарайғы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама