×

Күдебаев түрмеде аста-төк дастархан жайған: ҚАЖК түсінік берді

Олар бос уақытында отрядтардың арнайы бөлінген мекемесінде тамақ іше алады

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2023 | 17:16
фото: Instagram/taldykorgan.insta_

Әлеуметтік желіге Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қамауда отырып, мерекелік дастархан жайған фотосы тарады.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті сол фотосуретке қатысты түсінік берді.

ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар сәлемдеме ретінде жіберілген немесе жақындары әкелген тамақты алуға құқылы. Олар бос уақытында отрядтардың арнайы бөлінген мекемесінде тамақ іше алады, – деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Комитеттің мәлімдеуінше, Серік Күдебаевқа фотодағы тамақтарды туыстары әкелген.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде сотталғандардың тамақты туыстарынан алғаны анықталды. Тексеріс барысында тыйым салынған өнімдер, яғни алкогольдік ішімдіктер анықталған жоқ, – делінген хабарламада.

Алайда сотталушының үстінен телефон пайдаланғаны үшін тергеу басталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама