×

«Путиннің араласпаған тірлігі өте аз»: Байден Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді

Мен не болғанын нақты білмеймін, бірақ таң қалмадым, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 24.08.2023 | 10:36
фото: Chip Somodevilla/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sky News басылымы хабарлады.

Пригожин сәтсіз көтерілісінен кейін не ішіп, не жейтініне және не мінетініне мән беруі керек еді. Мен не болғанын нақты білмеймін, бірақ таң қалмадым. Ресейде Путиннің араласпаған тірлігі өте аз. Бірдеңе деп айтуға менде артық ақпарат болмай тұр, - деді Джо Байден.

Айта кетейік, кеше Ресейдің Тверь облысында ұшақ апатқа ұшыраған еді. Бортта «Вагнер» жеке әскери компаниясының көшбасшысы Евгений Пригожин мен оның оң қолы Дмитрий Уткин болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама