×

«Маша мен аю» мультфильміндегідей»: Алматы облысында шақыртуға кеңестік жедел жәрдем көлігі барған

Салонда кушетканың орнына орындық орнатылған

 Еркеғали Болатұлы 18.08.2023 | 17:35
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Арқабай ауылының тұрғыны шақырту кезінде сигналдар және медициналық құрылғылармен жабдықталмаған «УАЗ» маркалы жедел жәрдем көлігі келгенін айтты.

Әлеуметтік желіде тараған кадрда әйел 2 сағаттан бері жедел жәрдем күткенін айтып шағымданған. Бірақ ол кінәні жүргізушіден емес, көліктен көреді. Салонда кушетканың орнына орындық орнатылған. Видео авторы әжесін ауруханаға ол жедел жәрдем көлігінің қалай апаратынын түсінбей дал.

Ал желі қолданушыларының басым көпшілігі ескі «УАЗ»-ды «Маша и Медведь» мультфильміндегі жедел жәрдем көлігіне ұқсатып отыр.

Талғар орталық аудандық ауруханасы жеделдік санатына байланысты шақыртуларға әртүрлі көліктер жіберілетінін хабарлады. Егер азамат өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін жағдайда болса, онда оған әдетте дәрігерлік амбулаторияларға бекітілген көліктер қызмет көрсетеді.

2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Талғар орталық аудандық ауруханасының барлық құрылымдық бөлімшелеріндегі 29 нысанның (оның ішінде 2 емхана, 27 дәрігерлік амбулатория) әрқайсысында бір көліктен бар, – делінген ресми хабарламада.

Аурухананың баспасөз қызметі ауылдық дәрігерлік амбулатория тұрғындарына қызмет көрсету үшін 4 Damas Chevrolet жедел жәрдем көлігін сатып алатынын айтқан. Бұл флотты жыл сайын жаңарту жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама