×

Ресей әскерімен бірге өзбекстандықтар соғысып жүр – бас штаб

Олар Мариупольге құрылыста жұмыс істеуге барған

 Еркеғали Болатұлы 24.07.2023 | 12:40
фото: Sean Gallup/Getty Images

Орталық Азия азаматтарының Донецк облысының Горловка қаласындағы Ресей әскерлерінің құрамында жүргені анықталды. Бұл туралы Украина Қарулы Күштері бас штабының ресми хабарламасында айтылған.

Өзбекстан азаматтары Мариупольге құрылыста жұмыс істеуге барған. Бірақ кейін олардың құжаттарын тартып алып, еріктілер ретінде әскери қызметке жіберген көрінеді.

Алайда әзір Украина Қарулы Күштері бас штабының бұл хабарламасына Ресей Федерациясы мен Өзбекстан тарапы жауап берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама