×

«Димаш өзіне лайық композитор таба алды ма?» - Нұржамал Үсенбаева пікір білдірді

Бір сәтте әлемге танылуының сыры – оның уникум дауысында, - деді халық әртісі

 Ая Өміртай 07.07.2023 | 16:06

Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева Димаш Құдайбергеннің өнеріне қатысты пікір білдірді.

Әнші Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында «Қазақстанның халық әртісі» атағының биылдан бастап қайта жалғасуы, Батырхан Шүкеновпен бірге оқыған жылдары, Иманғали Тасмағамбетовпен 50 жылдық достығы туралы әңгімелеп берді.

Айтуынша, өзін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев концерттеріне жиі келіп, қолдап тұрған.

Сондай-ақ ол тілшінің «Димашқа сын айту – халық жауы атанумен бірдей. Димаш өзіне лайық композитор таба алды ма?» деген сұрағына қысқаша жауап берді.

Табады, әлі жас. Оның дауысы ерекше. Мұндай дауыс күнде туа бермейді. Сондықтан біз Димашты бағалай білуіміз керек. Әр әншінің өз тыңдарманы бар. Бір сәтте әлемге танылуының сыры – оның дауысында, оның уникум дауысында, - деді Нұржамал Үсенбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама