×

Тәрбиеден олқылық кеткен – министр әскери бөлімнен қашып кеткен депутаттың ұлы туралы

Кеше оның қайда жүргені анықталды

 Дәурен Ерболат 04.07.2023 | 12:20
фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алматы облысындағы әскери горнизоннан қашып кеткен депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол (Нұрасыл Болат, – автор) әскери бөлімнің бақылауында болған. Бірақ өз еркімен кетіп қалған. Әскер жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын орын емес. Біздегі функция мүлде басқа. Бұл – тәрбиеден кеткен олқылық. Түсінесіз бе? Бұл туралы мен айтқанмын, - деді Руслан Жақсылықов Үкімет отырысынан соң.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін растаған еді. Сондай-ақ кеше Нұрасыл Болаттың қайда жүргені анықталған болатын.

Айта кетейік, оқиға биыл 11 ақпанға қараған түні Алматыда басталған. Ерлі-зайыпты заңгерлер Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ер адам ұрып-соққан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін оларды ұрған адамның Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат екені анықталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама