×

Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы табылды

Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді

 Халық үні 04.07.2023 | 07:45
Фото: malim.kz

Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен депутат, спорт ардагері Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қайда екені анықталып, қызмет атқаратын орнына жеткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, кеше депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама