×

«Бәрі лас»: Қостанайдағы минералды көлді балдыр басып кеткен

Оған жергілікті шенеуніктер қорғау аймағын орнатпағандықтан экологиялық апатты тіркеу мүмкін емес

 Еркеғали Болатұлы 01.07.2023 | 11:15
фото: дереккөз

Қостанайда «Сосновый бор» шипажайындағы емдік қасиеті бар минералды көл батпаққа айналған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Туристердің айтуынша, қазір су қоймасына түсу мүмкін емес. Себебі ол маса мен балдырдың кесірінен қатты ластанған.

Бұл балдырларға масалар ұя салып тастаған. Көлдің бәрі лас, – деді туристердің бірі.

Санаторий иелері бұл жағдайға әлі түсінік берген жоқ.

Экологтар «Сосновый бор» санаторийіндегі көлге жергілікті шенеуніктер қорғау аймағын орнатпағанын, сол себепті экологиялық апатты тіркеу мүмкін емес екенін алға тартып отыр. Ал жергілікті билік су қоймасының иесіне түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз деп уәде берген.

Қазір барлық ақпаратты дайындаймыз. Жергілікті атқарушы органдарға жазамыз. Сондықтан олар өз құзыреті шеңберінде тазарту, ластануды болдырмау бойынша іс-шаралар өткізеді, – деді Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы бөлімінің басшысы Сергей Мұқашев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама