×

Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады - Песков

Оның Беларуське кете алатынына Ресей президентінің сөзі кепіл

 Еркеғали Болатұлы 25.06.2023 | 10:20
фото: nachedeu.com

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық істің тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Сондай-ақ ол «Вагнер» жасағының басшысы Беларуське кететінін хабарлады.

Пригожиннің Беларуське кете алатынына Ресей президентінің сөзі кепіл, - деді Дмитрий Песков.

Оның айтуынша, қазір жағдайды қан төкпей шешуге қол жеткізілген.

Бұған дейін Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенконың Путинмен келісе отырып, Пригожинмен келіссөз жүргізгенін хабарлады. Осыдан кейін «Вагнер» басшысы колонналарды артқа бұрып, жоспар бойынша даладағы лагерьлерге қайтатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама