×

Нұрәлі Әлиевтің әйелі жұмыссыздарға желі арқылы тренинг өткізіп жүр

Аида Әлиева – ОСК-ның бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің қызы

 Еркеғали Болатұлы 28.05.2023 | 17:44
фото: instagram.com/aida.a.interiors

Нұрәлі Әлиевтің зайыбы Аида Әлиева қиын жағдайда қалған Қазақстан халқына қай жерге және қалай жұмысқа тұруға болатынын, жұмыс берушімен қалай әңгімелесу керектігін үйретуге уәде беріп жүр. Бұл туралы orda.kz хабарлады.

Сонымен, Аида Әлиева Instagram-дағы парақшасына ақылы болуы мүмкін кітапшасының шығарылуы туралы жазды. Дегенмен ол сұхбат беру тәжірибесін қайдан алғанын көрсетпеген. Тек халықты білім нәрімен сусындатып, ұстаздық етуді армандағанын жасырмайды.

Мен бала кезімнен сабақ беруді, өз ойыммен бөлісуді қатты ұнататынмын. Міне, Instagram желісінде маған пікірлер легі толастамайды, – деді бұрынғы президент отбасының келіні.

Шамасы кері байланыс сұрапыл болса керек, Әлиева ақыр соңында жазбасын өшіріп тастаған. Бірақ өмір туралы ойларын жазуды жалғастырып отыр.

Ол өзін Insta-коуч деп атамайды, бірақ күнделікті парақшасындағы жазылушылармен кері байланысқа шығады.

Еске сала кетсек, Аида Әлиева – ОСК-ның бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің қызы. Ол қазір халықпен өзінің Швейцария мен АҚШ-та оқып-тоқығанын бөлісіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама