×

Батада «Аруақ қолдасын» деген сөзді қолданбау керек – Бас мүфти (ВИДЕО)

Ол бата «Фатиха» сүресімен басталуы қажет дейді

 Еркеғали Болатұлы 11.05.2023 | 17:40
фото: dalanews.kz

Қазақстанда алғаш рет бата беруден байқау өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған 20 ақсақал қатысқан. Басты талап – батаның мәні және оқып жатқан кезде кідіріп қалмау.

Осы орайда бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата бергенде «Аруақ қолдасын», «аруақ жебесін» деген сөзді қолданбау керектігін ескертті. Сондай-ақ ол бата «Фатиха» сүресімен басталуы қажет дейді.

Аллаға серік қоспау, Аллаға сыйыну, Алладан сұрау – негізгі шарттардың бірі. Мұсылман халқы болғандықтан тілегімізді бір Аллаға сыйынып, бата береміз. Кәрі мұсылман, тақуа жандардың тілегі қабыл болады.

Бата сөзінің ғылыми негізі «Фатиха» деген сөзден шыққан. «Фатиха» сүресі Құранның алғашқы сүресі екенін білеміз», – деді бас мүфти.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама