×

Қазақстан қару-жарақты қай елдерден алады

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

 Дәурен Ерболат 05.05.2023 | 16:19
көрнекі фото: Halyq Uni

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Астанадағы Бүкілармиялық кеңестің кулауарында Қазақстанның қай елдерден қару-жарақ алатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біздің армияда әртүрлі елдің қару-жарағы бар. Біз тек Ресейден емес, Түркия, АҚШ, ҚХР және тағы басқа елдерден қару-жарақ сатып аламыз, - деді ведомство өкілі.

Министрдің орынбасары журналистерден Отан қорғаушы күні қарсаңында әскердегі суицид мәселесін қозғамауды өтінді.

Мереке қарсаңында бұл мәселені көтермейікші. Өзекті мәселе. Бұл тек Қарулы күштерде ғана болып жатқан жағдай емес. Ол – қоғамдағы проблема. Жыл сайын Қазақстанда 3 мыңға жуық жас өзіне қол жұмсайды. Мен Қарулы күштер үшін сенімді түрде жауап бере аламын. 2022 жылы бірде-бір мерзімді әскери қызметші суицид жасаған жоқ, - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Одан бөлек, БАҚ өкілдері Қорғаныс министрінің орынбасарынан егер соғыс бола қалған жағдайда Қазақстанның әскері қанша уақытқа жейін төтеп беруге дайын екендігін сұрады.

«Сіз кімді дұшпан санап отырсыз? Болашақта біз кіммен соғысуымыз мүмкін? Біздің еліміз – көпвекторлы саясат ұстанатын ел. Көрші елдердің бәрімен арадағы шекарамыз шегенделген. Көршілеріміздің ешқайсы болашақта дұшпанымызға айналады деп ойламаймыз. Біздің көршілеріміздің бәрімен татумыз», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама