×

Кадыров жаңа әскер құрғысы келетінін айтты

Қазір дүниежүзінде биліктің езгісіне шыдап, төзіп келе жатқан халықтар көп, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 02.05.2023 | 10:48
фото: m24.ru

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров жеке армия құрғысы келетінін айтты.

Соңғы кезде жақсы бір әскер құрғым келіп жүр. Өздерін демократпыз дегендер құқықтарын таптап жатқан халықтарға көмектесетін, өзге мемлекеттердің аумағына кіріп, тәртіп орнататын әскер құрғым келеді, — деді Кадыров.

Оның айтуынша, Шешенстанның жаңа әскері Ресейде ғана емес, сонымен бірге шетелдерде жергілікті халықтың құқықтарын қорғайтын болады. Қазір дүниежүзінде биліктің езгісіне шыдап, төзіп келе жатқан халықтар көп. Солардың құқығын қорғау үшін жаңа әскер қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауы керек деген пікірде Рамзан Кадыров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама