×

Молдова ТМД аясындағы кейбір келісімдерден шығады

Майя Санду елдің стратегиялық міндеті еуропалық интеграция екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 27.04.2023 | 13:50
фото: ашық дереккөз

Молдова билігі ТМД аясында қол қойылған кейбір келісімдерден шығатынын мәлімдеді.

Қазір осы елдің Үкіметі ТМД аясында қол қойылған келісімдерді талдап жатыр. Молдова президенті Майя Сандудың айтуынша, Үкімет барлық құжатқа сараптама жасағаннан кейін кейбір келісімдерден бас тартады.  

Соңғы 30 жылда жүздеген келісімге қол қойылды. Жыл сайын құжаттарға қол қойылып келді. Олардың көбісі мән-маңызын жоғалтқан. Қажетсіз болып қалған. Қазір барлық құжатқа сараптама жасалып жатыр, – деді ол.

Сонымен бірге, президент Молдованың стратегиялық міндеті еуропалық интеграция екенін айтты. Ол Молдованың 2030 жылға дейін Еуропалық Одаққа мүше бола алатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама