×

«Халықаралық келісім жоқ». СІМ Қытай елшісінің мәлімдемесіне пікір білдірді

ҚХР Қазақстанның тәуелсіздігін мойындайды

 Дәурен Ерболат 24.04.2023 | 17:41
фото: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайдың Франциядағы елшісі жасаған мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі жауап берді. Біз сол позицияны қолдаймыз. Осы тұста 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-ға мүше болғанын айта кетейін. Ал еліміз 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағанда Қытай алғашқылардың бірі болып Қазақстанның тәуелсіздігін және аумақтық тұстастығын мойындады, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол қос ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанын, тату көршілік және достық туралы шартқа қол қойылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың Франциядағы елшісі бұрынғы КСРО елдерінің тәуелсіздігіне күмән келтірген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама