×

Әлібек Қалбайдың өлімі: сотталған жігіттің анасы тергеудің атүсті жүргізілгенін айтты

Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші тарап та сотталушы Айболат Аманжоловты ақтауды сұрап отыр

 Айгерім Таубай 10.04.2023 | 10:58
фото: inaktau.kz

2022 жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы Отар ауылында орналасқан әскери бөлімде маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай қайтыс болды. Ол сапта тұрған кезде кенеттен есінен танып құлаған.

Марқұмның өліміне кінәлі ретінде 18 жастағы атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов күдікке ілініп, қамауға алынды.

Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот отырысы Алматы гарнизоны әскери сотында 2022 жылдың 23 тамызында басталды.

Бүгін Алматыда әскери сотта Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп айыпталған атыраулық сарбазға сот үкімі шықты. 9 жылға бас бостандығынан айырылған атыраулық сарбаз Айболат Аманжоловтың туыстары апелляциялық сотқа шағым түсіреді.

Бұл туралы Аманжоловтың адвокаты Жанар Нусупбаева Halyq Uni тілшісіне мәлімдеді.

Үкім әділ шыққан жоқ. Міндетті түрде апелляциялық шағым түсіреміз. Үкімге жәбірленуші тарап та, сотталушы жақ та қарсы, - деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші тарап та сотталушы Айболат Аманжоловты ақтауды сұрап отыр.

Танысқанына 4 күн болған балалар бір-бірін өлтіруі мүмкін емес, оған мотив жоқ, - дейді Жанар Нусупбаева.

Марқұмның жеңгесі Динара Тілесова да сот үкіміне келіспейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Алматы гарнизоны әскери сотында әскерде қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп танылған Айболат Аманжоловқа сот үкімі шықты. Ол қылмыстық кодекстің 440-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама