×

Ресей офицері РФ әскерінің Днестрден қуылып шығатынын айтты

Наурызда бәрі түгел шешіледі, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 02.03.2023 | 11:24
фото: ашық дереккөз

Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің офицері Игорь Стрелков наурыз айында Днестр өзені бойының РФ әскерінен толық азат етілетінін айтты.

Наурызда бәрі түгел шешіледі, – деді ол.

Алдағы көктем айларында-ақ Ресей Молдова жеріндегі Днестр өзені жағалауы бойынан (Приднестровье, - ред.) өзін-өзі «республика» деп жариялаған құрылым таратылады.

«Стрелков» деген лақап фамилиясы бар Игорь Гиркин – Ресей ФҚК-нің қызметкері, әскери қылмыскер. Ол Малайзияның «Боинг17» ұшағын атып түсіруге қатысқан 4 адамның бірі ретінде Амстердам соты арқылы жаза алған. Өзін-өзі жариялаған «ДХР» мен «ЛХР» деген құрылымдардың «қорғаныс министрі» болған. Кейінгі кездері Ресейдің соғыстағы тактикасын, Путин мен Қорғаныс министрлігінің қателіктерін ұдайы сынап келеді.

«Днестр жағалауы бойы республикасы» деген құрылымның құлайтынын Стрелков өзінің жеке Telegram-арнасында берген сұхбатында айтты.

Тирасполь төңірегіндегі ахуал тағы да қауырт шиеленісе түседі. Сіздер білетіндей, Молдовада Үкімет шұғыл ауыстырылды. Оның басына Днестр бойынан Ресейдің әскери контингентін тез арада шығару керектігін мәлімдеп жүрген айқын да ашық қаршығалар келді. Мен Молдова жақын арада РФ-дан әскерлерін шығаруды талап етіп, оның мерзімін белгілейді және осыған байланысты әлдеқандай бір келісім жасалады деп ойлаймын. Бұдан арғысының бәрі техникалық сәттер болады. Наурыз айының аяғына дейін, тіпті оған жетпей-ақ Днестр бойының мәселесі шешіледі. Мен үшін мұның бәрі ауыр… мен сол жақта соғысқанмын, – деді соғыс қылмыскері.

Қазір Ресей Днестр бойының маңындағы ахуалды өте белсенді түрде ушықтырып бағып жатыр. Осыған орай Украина Қарулы күштері деоккупация жасау мақсатында мойындалмаған «республиканың» жанына әскерін шоғырландырып жатыр деген жалған ақпарат таратуда. Тіпті, бұл фейктердің дүрмегіне РФ Сыртқы істер министрлігі де қосылып кеткен.

Украина Молдованың территориялық тұтастығын құрметтейтінін, осыған байланысты оның территориясында өз бетінше әлдеқандай бір соғыс операцияын жасай қоймайтынын айтып сендірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама