×

IBA әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдерге қатысты мәлімдеме жасады

Бокс федерацияларының шешімімен спортшылар келіспей отыр

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2023 | 13:43
фото: ашық дереккөз

Халықаралық бокс қауымдастығы 1-14 мамырда Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған ел спортшыларына қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Бұл жағдайға IBA бас хатшысы өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, федерациялардың шешімі спортшылардың қалауына сәйкес келмейді. 

Түсінбеушілік пен жалған ақпарат әлем чемпионатына бойкот жариялаған мемлекеттердің ұлттық федерацияларында наразылық туғызуда. Бұл шешімді қолдамайтын спортшылар мен жаттықтырушылар, техникалық қызметкерлер бар. Олардың әлем чемпионатына келуіне қолдау көрсетуі керек, –  деді ұйымның бас хатшысы Джордж Йеролимпос.

Бұған дейін Ресей мен Беларусь өкілдерінің Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатына өз туларымен қатысуына байланысты АҚШ, Англия, Чехия, Финляндия, Канада, Ирландия, Швеция, Швейцария мен Нидерланд бойкот жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама