×

Ресей Молдовада төңкеріс жасауға дайындалып жатыр –  Майя Санду

Тіпті, Балкан бойынан диверсанттарды тартып, күштік әрекеттер дайындағысы келген

 Дастан Жұмабекұлы 14.02.2023 | 11:48
фото: dw.com

Молдова президенті Майя Санду штаттық киім киген ресейлік диверсанттардың Бессарабия жеріне келіп, іске кірісіп кеткенін растады. Бұл туралы Newsmaker хабарлады.

Молдован лидері украин тарапынан Ресейдің Молдовадағы жағдайды тұрақсыздандыру арқылы елде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру жөніндегі жоспарын алғанын мойындады. Ресей өзінің бұл жоспарын іске асыру үшін оған елдің сырты – Ресейден, Беларусьтен және Балкан бойынан диверсанттарды тартып, күштік әрекеттер дайындағысы келген. Бұл туралы мемлекет басшысы арнайы брифингте айтып берді.

Бұл өзі қысқа мерзімдік жоспар болған. Оған сәйкес, азаматтық киім киіп алған бөтен адамдардың әскерилерді қатарларына тарта отырып, диверсия жасауы қарастырылған. Мұның ақырында олар күш қолдану жолымен бірқатар мемлекеттік мекемелерді басып алып, кепілдіктер алуға тиіс болған. Украина жеткізген құжаттарды мұқият тексеріп шығуға тура келеді, – деді ол.

Сондай-ақ Санду Кишиневте бейбіт наразылық көрсету арқылы билікті басып алудың жоспары болғанын айтты.

Президент қазір Молдованың күштік құрылымдары бұл арандатушылықтың алдын алу жолында әрекет етіп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін украин тарапы шынында Ресейдің осындай жоспары бар екенін жариялаған болатын. Украина қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің хатшысы Алексей Данилов «Ресей Молдовада жаңа мемлекеттік төңкеріс дайындап жатыр, оны «шешендер тобы» іске асырады», - деген еді. Оның айтуынша, диверсиялық әрекеттер Украинадағы соғыстың басталғанына бір жыл толатын 24 ақпан күні болуы керек-тін...

Серіктес жаңалықтары

Сараптама