×

Ресейлік актер Дмитрий Назаров соғысқа қарсы шыққаны үшін театрдан қуылды

Оны Константин Хабенский зайыбы Ольга Васильевамен бірге жұмыстан шығарып жіберген

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2023 | 10:30
фото: aif.ru

Белгілі актер Дмитрий Назаров Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы сын айтқаны үшін Чехов атындағы МХТ театрынан қуылды. Бұл туралы «Московский комсомолец» басылымы хабарлады.

Газеттің жазуынша, белгілі актердің қызметтен қуылуына оның Украинада болып жатқан «арнайы әскери операцияға» былтырдан бері батыл қарсы пікір білдіріп, өткір өлеңдер жазып келгені себеп болған.

Осыған байланысты А.П. Чехов атындағы МХТ-тың көркемдік жетекшісі Константин Хабенский Ресей халық әртісі Дмитрий Назаровты зайыбы Ольга Васильевамен бірге жұмыстан шығарып жіберген.

Бұдан бұрын Нижний Тагильдегі театрдың басшылығы басты рөлде Дмитрий Назаров ойнайтын «Махаббаттың тамыры» деген спектакльдің премьерасын да алып тастаған еді.

Ұйымдастырушылар бұған актердің «арнайы әскери операция» мен мобилизация жөнінде теріс пікір білдіріп жүргеніне жергілікті жұрттың наразы болғаны себеп етті деп түсіндірді.

Дмитрий Назаров – Ресей халық әртісі (2000), театр және кино актері. Оның кинодағы ең белгілі рөлі – «Ас үй» сериалындағы бас аспаз Виктор Бариновтың бейнесі. Жалпы, ол 40-тан аса фильм мен сериалдарға түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама