×

БҰҰ Бас хатшысы жаңа пандемияға дайын болуға шақырды

Коронавирусты 664 млн адам жұқтырды. Ол 6,7 млн-ға жуық адамның өмірін қиды

 Дастан Жұмабекұлы 30.12.2022 | 10:02
фото: ашық дереккөз

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирустық пандемиядан сабақ алып, болашақта осындай төтенше жағдайларға дайын болуға шақырды.

Коронавирустық пандемия 6,7 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Ауруды 664 миллион адам жұқтырды. Көптеген елдердің экономикасы құлдырады. Дүниежүзінде қаржылық шығын 1 триллион долларға жетті. Әсіресе, кедей және дамушы елдер қиын жағдайда қалды.

COVID -19 – адамзат тап болатын соңғы эпидемия немесе пандемия емес. Халықаралық қауымдастық ретінде біз COVID-19-дың ащы сабақтарын ұмытпауымыз керек және пандемияға дайындық пен онымен күресуге үлкен қаражат салуымыз керек, – деді БҰҰ Бас хатшысы.

А.Гутерриштің айтуынша, дүниежүзілік эпидемиологиялық бақылауды күшейту және вирустарды ерте анықтау жүйесін жолға қою өмір мен өлім мәселесі.

Халықаралық ұйым төрағасы жекелеген елдер індетпен күресе алмайтынын, сондықтан бүкіл әлем біртұтас күш ретінде әрекет етуі керектігін атап өтті.

«Барлық елдердің вакциналарды, емдеу-диагностикалық құралдары мен маңызды технологияларды бірдей пайдалануды қамтамасыз ету керек», –  деді  Антониу Гутерриш.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама