×

Мбаппе «Пари Сен-Жермен» клубынан кетуі мүмкін

Шабуылшыға «Манчестер Юнайтед» немесе Мадридтің «Реал» клубына ауысуға кеңес берілді

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2022 | 16:53
фото: ашық дереккөз

«Манчестер Юнайтед» клубы мен Англия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Уэйн Руни Франция командасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге «Пари Сен-Жермен» жасағынан кетуге кеңес берді.

Менің ойымша, Килиан Мбаппе өз клубын тастап, ағылшын премьер-лигасының командасына ауысуы керек. «ПСЖ» – сөз жоқ, үлкен клуб. Бірақ ол Франция чемпионатының шыңына жетті. Енді оған басқа командаға кету керек, – деді Руни.

Оның айтуынша, Мбаппе Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың деңгейіне жету үшін «Манчестер Юнайтед» немесе Мадридтің «Реал» клубына ауысуы керек.

Бұған дейін Мбаппе «Париж Сен-Жерменнен» 2023 жылдың жаз айларында кеткісі келетінін мәлімдеген болатын. 23 жастағы футболшы Франциядан кетсем, айлығы «ПСЖ»-дан аз болса да мықты чемпионатта ойнауға келісімімді беремін деген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама