×

Ильхам Әлиев Түркі елдерінің басшыларын Қарабаққа шақырды

Президент Тоқаев та территориялық тұтастық туралы айтты

 Дастан Жұмабекұлы 11.11.2022 | 15:28
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммитінде Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ұйымға мүше және бақылаушы елдердің басшыларын Қарабақ пен Зангизурға шақырды.

«Қарабақтағы соғыс аяқталды. Біз Зангизур дәлізін аштық. Бұл дәліздің ашылуы аймақтың барлық елдеріне пайда әкеледі», –  деді Ильхам Әлиев саммитте сөйлеген сөзінде.

Саммитте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та территориялық тұтастық туралы айтты.

Ол отырыста барлық елдің территориялық тұтастығы туралы сөз сөйлеп, көрші елдерді Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын қатаң сақтауға шақырды.

«Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын біржолата қолдайды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды қажет деп есептейді. Бұл – еліміздің негізгі мүддесіне толығымен сай келетін қажетті қағидат. Сондықтан бұл қағидатқа басымдық ретінде баса назар аударамыз», –  деді ол.

Сонымен бірге президент ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту үшін алты бағытта қызмет етуді, түркі әлеміндегі ықпалдастықты ел-елге, жер-жерге көрсету үшін Түркі мемлекеттері ұйымының қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді түрде дәріптеуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама