×

«Дұғада болайық!»: боксшы Қоңқабаев командаға қолдау білдіруге шақырды

Ел абыройын қорғайтын батырларды қолдаңыздар деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2022 | 17:05
фото: ашық дереккөз

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлерді Азия чемпионатының алдында командаға қолдау білдіруге шақырды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.

Жеребе тартылды. Аллаға шүкір, жігіттер бабында. Ендігі кезекте бағымыз қатар шауып, қазақ елін жеңіспен қуантсақ деген сенімдеміз. Қолдауларыңызды білдіріп, құрамаға жеңіс тілеп, ел абыройын қорғайтын батырларымызға дұға етіп қойыңыздар, –  деді ол.

Азия чемпионаты бүгін басталады. Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі ел намысын 92 келі салмақта қорғайды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама