×

Си Цзиньпин АҚШ-қа үндеу жолдады

Қытай төрағасы Америка Құрама Штаттарына қол ұшын созды

 Дастан Жұмабекұлы 28.10.2022 | 11:50
фото: ашық дереккөз

Қытайдың төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-қа үндеу жолдады. Ол дүниежүзінде бейбітшілікті сақтау үшін екі ел арасындағы ынтымақтастық нығайтып, сауда және экономикалық қарым-қатынасты дамытуды ұсынды. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы хабарлады.

Әлемдегі бейбітшілікті сақтап, нығайту үшін екі ел бір-бірімен тіл табысудың жолдарын іздестіруі керек. Бүгін біз тыныш заманда өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бүгінгі әлем бейбіт те, тыныш та емес. Америка Құрама Штаттары мен Қытай халықаралық жағдайды бір қалыпта ұстау үшін бірігіп жұмыс істеуі керек, - делінген Си Цзиньпиннің мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, басқа елдерге қарағанда, ҚХР мен АҚШ әлемдік держава ретінде ынтымақтастықты нығайтып, өзара байланысты арттырса, халықаралық жағдайды тұрақтандырып, бүкіл әлемде бейбітшілікті орнатуға ықпал етеді. Осыған орай ҚХР төрағасы екі елдің жаңа дәуірде бір-бірімен тіл табысуына қолда бар жағдайдың бәрін жасап, бір-біріне құрмет көрсетіп, бейбіт өмір сүру үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап көрсетті.

Бұл Америка Құрама Штаттары мен Қытайға ғана емес, бүкіл әлемге пайдалы болады, –  деді Си Цзиньпин.

ҚХР төрағасының үндеуіне АҚШ президенті Джо Байден де көп ұзамай жауап берді. Ол Құрама Штаттардың Қытаймен сауда-экономикалық байланысты арттыруға, достық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама