×

Путин 2025 жылды «Нацизммен» күрес жылы деп жариялауды ұсынды

Бұл кейбір елдерге белгі болады, –  деді ол.

 Дастан Жұмабекұлы 14.10.2022 | 14:54
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында 2025 жылды Бейбітшілік және ұлтшылдықпен күрестегі бірлік жылы деп жариялауды ұсынды.

Мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында 2025 жылды Бейбітшілік және ұлтшылдықпен күрестегі бірлік жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы арқылы біз КСРО халықтарының ұлтшылдықпен күрестегі ерен еңбегін жоққа шығаруға тырысып жатқан кейбір елдерге нацизммен күрестегі тарихи әділеттілікті сақтап қалу үшін белгі беретін боламыз, –  деді ол.

Астанада өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысуда. Осыдан кейін «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтіп, онда аталған өңірдің мемлекеттері мен Ресейдің арасындағы сауда-экономикалық және басқа да салалардағы мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама