×

Ердоған Қазақстанға көзқарасын бір ауыз сөзбен білдірді

«Ata topraklarımızda…», - деді ол әлеуметтік желіде

 Дастан Жұмабекұлы 13.10.2022 | 10:33
фото: Ақорда

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде «Атажұрттамын» деп айтып, Instagram-дағы парақшасында «Ата-бабаларымыздың жерінде», «Атамекенде» деген жазба қалдырды.

«Ata topraklarımızda…», –  деді ол әлеуметтік желіде.

Ердоған елімізге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 12 қазан күні келді.

Ол Тоқаевпен екіжақты кездесу өткізіп, одан кейін Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты.

Осы кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанды  I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттап, Түркия президентін елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы деп атап, Анадолы елін Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктесі деп атады.

Бүгін Түркия басшысы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) алтыншы саммитіне қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама