×

Қымбатшылық: БҚО-да құрылыс компаниялары банкротқа ұшырағалы тұр

Өңірдегі 30 шақты құрылыс компаниясы жылына 20 шақты үй тұрғызғанмен, оның тең жартысы бос

 Еркеғали Болатұлы 23.09.2022 | 10:48
фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысымен айналысатын компаниялар тығырыққа тірелді. Олардың дені тіпті банкрот болуы мүмкін. Өйткені үй бағасы қымбаттағандықтан, салынған жаңа пәтерлер өтпей жатыр деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Бүгінде өңірде 30 шақты құрылыс компаниясы бар. Олар жылына 20 шақты үй тұрғызғанмен, соның тең жартысы әрең сатылатын көрінеді. Ал қалған үйлер қаңырап бос тұр. Сондықтан бұл саланы жандандыру үшін мемлекеттен қолдау керек дейді құрылысшылар.

Құрылыс саласына өте үлкен зиян келеді. Біріншіден, құрылыс компаниялары, тұрғын үйдің салынып жатқан метрлік көлемі азаяды. Жұмыссыздық көбейеді, - дейді Қазақстан құрылысшылар одағы БҚО филиалының директоры Александр Қарағойшин.

Тығырықтан шығудың жолын іздеген мамандар халық көңілінен шыққан мемлекеттік бағдарламаларды көбейтіп, мерзімін ұзарту керек деген пікірде. Сонымен қатар, жеңілдікпен берілер несиенің шекті мөлшері 15 миллион теңгеден көбейтілуі керек-ақ. Айтуларынша, қазір 3 бөлмелі пәтердің бағасы 25-30 миллион теңге шамасында. Оны алуға көп адамның мүмкіндігі жоқ.

«Ол тек қана біздің Батыс Қазақстан облысының проблемасы емес, бүкіл Қазақстанның проблемасы. Орталық аппаратқа белгілі мәселе. Үкіметке ұсыныстар жолданып жатыр», - дейді БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Құланбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама